Есіл өзенінде су деңгейі әлі де көтеріліп келеді

229

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Есіл өзенінде су деңгейі әлі де көтеріліп келеді Фото: qyzyljarnews.kz

"Солтүстік және оңтүстік циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөліністер Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы, жаңбырлы ауа-райын тудырады. Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, Ақмола облысындағы Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 12 сағатта 21 см-ге көтерілген. Ал Петропавл қаласында Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды. Су деңгейі тәулік ішінде 144 см-ге артты. Ал Долматово ауылы тұсында Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі тәулік ішінде 135 см-ге көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу