Есіл өзенінен бір күнде 1 тоннадан аса қоқыс шығарылды

209

Табиғатты сақтау және су айдындарын тазартуда осындай іс-шараның маңыздылығы өте зор.

Есіл өзенінен бір күнде 1 тоннадан аса қоқыс шығарылды Фото: gov.kz

Балық шаруашылығы комитеті ұйымдастыруымен 2024 жылғы 1 маусымда Есіл өзенінде "Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясы өткізілді. Бұл акцияның мақсаты – балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғиөсімін молайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын тазарту, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Есіл өзенін тазарту жұмыстарына Балық шаруашылығы комитеті, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, poymay.kz жобасының өкілі, еріктілер және С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері мен оқытушылары, жалпы 46 жуық адам атсалысып, 3 дана техника, 1 дана су көлігі жұмылдырылды. Акция нәтижесінде бір күнде 1,3 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар тиісті орындарға шығарылды.

Табиғатты сақтау және су айдындарын тазартуда осындай іс-шараның маңыздылығы өте зор.

Өңірлердің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Жетісу облыстарында "Таза су айдындары" табиғат қорғауакциясы ағымдағы жылдың 1 наурызында, ал Алматы, Жетісу, Қарағанды және Ұлытауоблыстарында 15 сәуірде, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында 2024 жылдың 1 мамырында басталды.

Жалпы республика бойынша күн сайынғы тазарту іс-шараларын өткізу нәтижесінде бүгінгі күнге дейін су айдындарынан 64 км астам иесіз ау құралдары алынды, полигондарға 294 тоннағажуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Акция өткізуге 3700 жуық адам, 142 жүзуқұралы, 527 бірлік автомашина мен жүк көлігі құралдары жұмылдырылды. Осыған байланысты, барлық азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға, жанашырлық танытуға және қоршаған ортаны және балық шаруашылығы су айдындарын ластамауға шақырамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу