Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп жатыр

230

Өңірдегі шағын өзендердің де суы көтеріліп келеді. 

Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп жатыр Фото: qaz-media.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзені бір тәулікте 119 см-ге көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК СҚО филиалының мәліметінше, Ғабит Мүсірепов атындағы Тоқсан би ауылының маңынан өтетін Есіл өзенінің деңгейі соңғы 2-3 күнде 3 метрден артық көтерілген. Бұл жерде мұз көтеріліп, қозғалды.

Есіл өзені төмен қарай Шал ақын ауданының Крещенка елді мекенінің маңында бірден 30 см-ге көтерілді. Мұнда су мұз үстіне шықты.

Покровка елді мекені маңында 11 см-ге, Долматово ауылының жанында өзеннің су деңгейі 14 см-ге өзгерген.

Сергеев су қоймасында да өзгеріс бар, бір тәулікте 19 см-ге артып, күн жылынғалы су деңгейі 43 см-ге көтерілген. Қазір бөген 89 % толық.

Өңірдегі шағын өзендердің де суы көтеріліп келеді. Мәселен, Возвышенка елді мекені маңындағы Ақанбұрлық өзенінің деңгейі бір тәулікте 29 см-ге, наурыз айының соңынан бастап 2 метрге толыққан. Бірақ әзірге қауіпті деңгейге жеткен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу