Есіл өзенінің жағасында сенбілік өтті

462

Сенбілік қоршаған ортаға құрметпен қарауды насихаттау аясында өтті. 

Есіл өзенінің жағасында сенбілік өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Астана жастары" жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, Есіл өзенінің жағасында сенбілік өткізді, деп жазады inbusiness.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Еріктілер қолдарына күрек-тырмаалып, маңайды қоқыстан тазартып, өзен жағасын ретке келтірді.

Барлығы 8 тоннадан астам қоқыс жиналды. Акцияға 50-ден астам ерікті қатысты.

Есіл өзенінің жағалауы елорда тұрғындары мен қонақтарының негізгі демалыс орындарының бірі болып саналады. "Астана жастары" еріктілері қаланың экологиялық акцияларына тұрақты түрде белсенді қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу