Есіл жағасында марафон өтеді

884

Марафонды өткізудің мақсаты – онкологиялық аурулармен ауыратын науқас балаларға қаражат жинау.

Есіл жағасында марафон өтеді

Есіл өзені жағасындағы триатлон-паркте өтетін шараға бір мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, марафонды өткізудің мақсаты – онкологиялық аурулармен ауыратын науқас балаларға қаражат жинау. Бұл іс-шара Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесі мен Жастар жылына орай өткізілмек.

Жарыс 24 наурызда Есіл өзенінің жағасында қалалық триатлон-паркте өтеді.

Жарыс жолына шығатын мыңнан астам адам төрт дистанцияға жүгіреді, кәсіпқойлар – 21 км, әуесқойлар – 10 км, жүгіруді енді ғана бастағандар – 5 км, балалар мен ең жас спортшылар – 500 метрге жүгіреді.

Марафон ақылы, оған қатысу үшін www.astananauryzmarathon.kz. сілтемесі бойынша тіркелу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу