Есіл жағасында суретке түспек болған екі қыз суға кетті

1115

Қатты ағыс оларды құтқаруға мүмкіндік бермеген.

Есіл жағасында суретке түспек болған екі қыз суға кетті

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің жағасында суретке түспек болған екі бойжеткен аяқтары тайып кетіп, суға кетті, деп хабарлайды  inbusiness.kz   ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 23 мамыр күні сағат 18.16 шамасында болған. "Сосновый бор" демалыс орнының маңында 1994 жылы және 2001 жылы туған екі адам суға батып кетті. 27 жастағы бойжеткен М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде мұғалім болып еңбек етсе, 20 жастағы екіншісі сол оқу орнының 4-курсында оқыған екен.

Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, екі қыз Есіл өзенінің жағасында суретке түспек болған. Алайда аяқтары тайып кетіп, суға құлаған. Қатты ағын оларды құтқаруға мүмкіндік бермеген.

Денелері судан шығарылып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу