Есілдегі 45 пәтерлі тұрғын үйді салуда кемшіліктер анықталды

189

Мердігер шартта көрсетілген талаптарды орындамаған.  

Есілдегі 45 пәтерлі тұрғын үйді салуда кемшіліктер анықталды Фото: gov.kz

Есіл ауданының прокуратурасы Есіл қаласында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын тексеру барысында орындалған жұмыстар актілеріне заңсыз қол қойылғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бейнебақылау орнату, ішкі әрлеу конструкциялары, сантехникалық аспаптар және т.б. үшін бюджет қаражатынан ақы төлеуде 8,7 млн теңгеден астам сомаға төлемдер анықталып отыр. 

Мердігер жасалған шарттағы міндеттемелерді орындамады, нәтижесінде тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталмаған. 

Қабылданған прокурорлық шараларымен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мердігерден заңсыз төленген бюджет қаражаты өндірілді.

Сондай-ақ аудан әкімдігінің бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу