Есімов Самұрық-Энерго мен KEGOC басшыларын жазалады

995

Есімов Самұрық-Энерго мен KEGOC басшыларын жазалады

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қордың қоржындық компанияларының басшыларымен кеңес өткізді. Жиын барысында бірқатар компаниялардың қызметі, қаржылық жағдайы және даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. 

Ахметжан Есімов Қанат Құдайбергеновті "Тау-Кен Самұрық" АҚ-ның басқарма төрағасы ретінде таныстырды.

Қанат Құдайбергенов 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін "Қаратау" ЖШС бас директоры қызметінде жұмыс істеді, сондай-ақ, 2018 жылдың сәуір айынан бастап "Тау-Кен Самұрық" АҚ-ның басқарма төрағасы міндетін атқарды. Сонымен қатар, Қанат Құдайбергеновке "Тау-Кен Самұрық" АҚ-ның ұйымдық құрылымын реттеу тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтың келісім-шарт мерзімі аяқталды және одан әрі ұзартылмады.

Ахметжан Есімов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Мақсұтовты қызметінен босатуды, сонымен бірге "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевке сөгіс жариялауды және жылдық бонустарын алып тастауды бұйырды.

Кеңес барысында Ахметжан Есімов "KEGOC" АҚ қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айбек Ботабековті тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қор басшысы IPO сәтті шығу үшін жолаушылар айналымы, кіріс және таза табыс бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді, қоржындық компанияларда трансформациялау бағдарламасы бойынша жол карталарын бекітуді тапсырды.

Сонымен қатар, жиында қор тобындағы компаниялар қызметі бойынша басқа мәселелер қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу