Есірткі бізде өскенімен, сыртта өңделеді – Ауғанстан өкілі

1107

Ауғанстан трансшекаралық өзендерді ақылмен пайдалануды ұсынып отыр.

Есірткі бізде өскенімен, сыртта өңделеді – Ауғанстан өкілі

Елордада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның Ауғанстан бойынша дөңгелек үстелінде Ауғанстанның  қауіпсіздік және шекаралық серіктестік жөніндегі департамент директоры Мохаммад Файзи өздері үшін өзекті болып отырған мәселелерді атады.

"Ауғанстан аумағындағы есірткі алқаптары халықаралық қауымдастықтың бас ауруына айналғаны шындық. Бірақ есірткі бізде өскенімен, оны өңдейтін зертханалар Ауғанстаннан тыс аумақтарда орналасқан. Халықаралық нарықта есірткіге деген сұраныс жоғары. Талибанмен байланысты ұйымдар сондықтан есірткі өндіруге мүдделі. Біз өз тарапымыздан есірткі айналымының жолын кесу үшін Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты Орталық Азия елдерімен шекаралық байланыстарды нығайтып жатырмыз. Соғыс онжылдықтар бойы жалғасып келеді. Ел аумағынан өзге елдердің әскері шыққан кезде Ауғанстан ішкі тұрақтылықты өзі қамтамасыз етуге жауапты болады. Әскердің шығуы біздегі бейбітшілікке кепілдік бола алмайды", – деген Ауғанстан өкілі Орталық Азиядағы гидроллогия мәселесіне де тоқталды.

"Ауғанстан үшін Орталық Азиядағы гидрология мәселесі өте өзекті. Экономиканы дамытып, елдің өмір сапасын жақсарту үшін әуелі ауыл шаруашылығын жолға қоюымыз керек. Бұл тұрғыда су ресурстарын бірлесіп пайдалану, трансшекаралық өзендерді тиімді игеру жұмыстарын жетілдіру керек. Ауғанстан тұрақтылыққа бет алған сайын суға деген сұраныс арта бермек. Түркіменстан сияқты елдермен ортақ өзендерді келісіп пайдалану мәселесін жаңа деңгейде қарау қажеттігі туып тұр", – деді Мохаммад Файзи.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу