Есірткі бизнесіне тосқауыл қойылып жатыр

940

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Жамбыл облысының Шу қаласында есірткі бизнесіне қарсы "Қарасора-2021" атты кең ауқымды операция жүріп жатқанын жариялады.  

Есірткі бизнесіне тосқауыл қойылып жатыр

Осыған орай ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов ел өңірлерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің басшыларымен, Ұлттық ұланның, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің өкілдерімен нұсқаулық кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ресми өкілдің сөзіне сілтеме жасап. 

"Кеңес барысында каннабис тобының есірткі дайындаушыларын анықтау, героин трафигі арнасының жолын кесу, синтетикалық есірткіні таратуға мамандандырылған қылмыстық топтар мен есірткі зертханаларын жоюға қатысты міндеттер айқындалды", – деді Нұрділдә Ораз.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, былтыр аталмыш операция қорытындысында есірткі өткізудің - 383, сақтаудың - 162, өсірудің - 233 фактісі анықталды.  260 гектардан астам аумақтан 62 плантация жойылды. Салмағы 20 тоннадан асатын 53 мың түп қарасора өртелді. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу