Есірткі контрабандасына тосқауыл қойылды

653

Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып сақталған немесе құрамында есірткі бар 1 343 ампула мен 343 таблетка және 1 206 психотроптық зат айналымнан алынды.

Есірткі контрабандасына тосқауыл қойылды

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бақылаудағы заттар айналымы саласында 93 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Есепке алынған препараттарды рецептсіз босатудың 57 фактісі әшкереленді. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес барысында 42 қылмыс, оның ішінде 22 өткізу, 16 аса ірі көлемде есірткі сақтау фактісі тіркелді. Іс барысында 4 контрабандаға тосқауыл қойылды", – деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы Рудный қаласының тұрғыны 
Семей қаласының аумағында психотроптық заттарды буып-түюмен және сатумен айналысқан. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу