Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен 4 тұрғын ұсталды

398

ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірге аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық қауіпсіздік комитетке сілтеме жасап.

Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен 4 тұрғын ұсталды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2024 жылғы қаңтарда ҰҚКД жедел қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен Жезқазған және Сәтпаев қалаларының 4 тұрғынын ұстады.

Тінтулер кезінде олардан 20 кг марихуана, 2 кг гашиш, 250 грамм "альфа-PVP" психотроптық заты және 30 "марка" деп аталатын ЛСД есірткісі алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сот санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу