Есірткі қылмысына қатысы бар деп күдіктелген топтардың 27 қатысушылары ұсталды

316

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді. 

Есірткі қылмысына қатысы бар деп күдіктелген топтардың 27 қатысушылары ұсталды Фото: ҰҚК

Қорытындысы бойынша есірткі қылмыстарына қатысы бар деп күдіктелген топтардың 27 қатысушылары ұсталды.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғыз Республикасының арнайы қызметтерімен бірлесіп, Алматы қаласынан Бішкек қаласына 10 кг мефедронның контрабанда арнасы бейтараптандырылды.

Алматы өңірінде психотроптық заттарды өндіру бойынша 2 ірі жасырын зертхананың және елордада кокаин сатуға мамандандырылған 1 топтың қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар, Павлодар және Семей қалаларында "дизайнерлік" деп аталатын есірткіні жеткізудің өңірлік арнасы жойылып, құрамында есірткі заттары бар 500 гашиш майы капсуласы мен вейп-темекілер табылды.

Жалпы заңсыз айналымнан "синтетика" өндіруге арналған 150 кг-нан астам есірткі және 150 кг химиялық прекурсорлар тәркіленді.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу