Есірткі қылмыстарында мессенджерлер белсенді қолданылады – ІІМ

273

Есірткі қылмысы толығымен кибер кеңістікке өткен.  

Есірткі қылмыстарында мессенджерлер белсенді қолданылады – ІІМ Фото: Коммерсант

Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда есірткі қылмысы толығымен кибер кеңістікке өткен. Онда "крипто-кошелек", мессенджерлер белсенді қолданылады. 

"Тағы бір мәселенің бірі – сайттардағы хабарландыруларда есірткіні жасырын жарнамалау. Біз уәкілетті органмен бірге бұл контентті болдырмауға тырысып отырмыз. Есірткі қылмыстарын қаржыландыруға қарсы күрес саласында белгілі бір нәтижелер бар. 2020 жылдан бастап электрондық ақшаның анонимді иелері арасында аударма жасауға тыйым салынған. Біз интернетті толық жабу, адамдарды электронды ақшаны аудару мүмкіндігінен айыру мүмкін емес екенін түсінеміз", - деді Марат Қожаев.

ІІМ өкілі осы мақсатта ойға қонымды және салмақты шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Айта кету керек, осыған дейін синтетикалық есірткі өндіретін зертханалар қай облыстарда жиі анықталатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу