Есірткі қылмысына қатысы бар лауазымды тұлға өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

294

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Есірткі қылмысына қатысы бар лауазымды тұлға өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін Фото: canva.com

"Мәжілісте есірткі өндірушілеріне жазаны күшейтуге бағытталған маңызды заң жобасы талқылануда. Жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатайту ұсынылды. Бұл – әділетті шешім. Депутаттар осы норманы қолдап дауыс берді. Алайда, бұдан да күрделі мәселе бар. Қылмыспен күресуі тиіс азаматтардың өздері есірткі бизнесіне араласқан кезде не болады? Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен өздерінің лауазымын, қызметтік мүмкіндіктерін және ақпаратқа қолжетімділікті пайдаланып, есірткі айналымына қатысқан өзге де лауазымды тұлғаларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу туралы ұсыныс жасадық", – деді ол.

Оның атап сөзінше, егер олардың кінәсі дәлелденсе, мұндай әрекеттер ең қатаң жазалануы тиіс.

Себебі бұл – азаматтардың мүддесіне жасалған сатқындық, қоғам сеніміне нұқсан келтіріп, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

"Мемлекет басшылығы есірткі бизнесімен және оның таралуымен күресті ымырасыз және жүйелі түрде жүргізуде. Қоғам үшін үлкен қауіп төндіріп отырған осы мәселені жоюға бағытталған есірткіге тәуелділікпен күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті нығайтатын қосымша шаралар да қабылдануда", – деді Мәжіліс депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу