Есірткі өндірген жасырын зертхананың жолы кесілді

746

Анықталған есірткінің "қара" нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден артық сомаға бағаланады. 

Есірткі өндірген жасырын зертхананың жолы кесілді Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады.

Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 кг артық "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу