Есірткі өсіргендерді тікұшақпен қууға тура келді

1000

1 маусымда басталған республикалық "Қарасора" арнайы операциясы 30 қазанға дейін жалғасады. 

Есірткі өсіргендерді тікұшақпен қууға тура келді

Қызылордалық экшн. Мұнда полицияға қарасораны қолдан өсіргендерді құрықтау үшін тікұшақпен қууға тура келді, деп хабарлайды Atameken Business.

Арнайы жасақ түсірген бейнежазба Эскобар жайындағы шытырман фильм кадрларынан кем емес. Екі "Джипке" мініп алып, із суыптпақ болған қылмыскерлер ескерту оғын да елемеген. Сол себепті жол талғамайтын көліктің дөңгелегін атып, тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары операция барысында жергілікті үш тұрғынды ұстады. Қуғын кезінде біреуі жарақат алған. Алайда оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ұсталғандар есірткі дайындау үшін Қызылорда қаласынан 320 шақырым жерде плантация ұйымдастырған. Өздері де осы маңдағы жер үйді паналап, жабдықтарын сақтапты.

Айта кету керек, 1 маусымда басталған республикалық "Қарасора" арнайы операциясы 30 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында 430 қылмыс анықталып, 9 тонна есірткі айналымнан алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу