Есірткі, психотроптық заттармен жұмыс істеуге рұқсат берілген мекемелерге тексеру жүргізілді

1342

3 заң бұзу фактісі анықталды. 

Есірткі, психотроптық заттармен жұмыс істеуге рұқсат берілген мекемелерге тексеру жүргізілді

Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің мәліметінше, өткен жылы “Дәрмек” республикалық маңызы бар жедел алдын алу іс-шараның төрт кезеңі өткізілді, деп жазды inbusiness.kz. 

“Іс-шара барысында есірткі, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды сақтау, есепке алу және пайдалану шарттары бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге барлығы 47 тексеру жүргізілді. Есірткі, психотроптық, улы заттар мен прекурсорларды сақтау, есепке алу және тарату ережелерін бұзудың 3 фактісі анықталды. ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тағы төрт дерек бойынша ҚР ӘҚбК-нің 464 және 426-баптарына сәйкес “Лицензиялау нормаларын бұзу” және “Фармацевтикалық қызмет пен дәрілік заттардың айналысы саласындағы қағидаларды бұзу” бойынша әкімшілік іс қозғалды”, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов. 

Сондай-ақ, бөлімшеде есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен (бұдан әрі – ЕПП) жұмыс істеуге жіберілген адамдар тұрақты негізде тексерілетінін, сонымен қатар оларды сақтауға арналған ғимараттар да зерттеліп жатқанын хабарлады. 

“Өткен жылы есірткілік психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат берілген барлығы 9 300 адам тексерілді. Сонымен қатар, ЕПП сақтау мен техникалық күшейтудің талаптарға сәйкестігі туралы келісім хаттар берілген 94 ұйымның ғимараты зерттелді”, – деп түйіндеді Ерлан Әлмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу