Жетісу облысының тұрғыны есірткі сататын сайттарды граффити арқылы жарнамалағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көксу аудандық сотының мәліметінше, сотталушы К. заңсыз интернет-ресурстарды жарнамалауға келісіп, Балпық би ауылындағы қоршауларға, қақпаларға және электр бағандарына сайттарға апаратын сілтемелерді жазған. Кейін ол жасалған жұмыстар бойынша кураторларына фотоесеп жіберіп отырған.
Сот бұл әрекетті халықтың денсаулығы мен қоғамдық имандылыққа қарсы қылмыс деп бағалап, 3,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Прокуратура есірткі құралдары мен психотроптық заттарды граффити, әлеуметтік желі немесе мессенджерлер арқылы насихаттау және заңсыз жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.