Есірткі сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалған 22 жастағы астаналық Германиядан табылды

434

Күдікті Мюнхен қаласындағы босқындар лагерінде болған.

Есірткі сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалған 22 жастағы астаналық Германиядан табылды Фото: Астана қалалық ПД

Күдікті Астанаға ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы және Бас прокуратура көмегімен экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Қылмыстық қудалаудан жасырынған елорда тұрғыны 2021 жылдың сәуір айынан бастап іздеуде болған.

Ұсталған азамат Өзбекстан Республикасына тұрақты рейспен ұшып, сол жерден Қырғызстанға қоныс аударып, Анталия қаласына ұшып кеткен.

Әрі қарай Украина шекарасын заңсыз кесіп өтіп, босқын статусымен ГФР аумағында тұрақтаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу