Есірткі сатты деп күдіктелген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды

379

Ер адам елорданың тергеу изоляторына қамалды.  

Есірткі сатты деп күдіктелген қазақстандық Германиядан экстрадицияланды Фото: ҚР Бас Прокуратурасы

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды, деп жазады inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған.

Ер адам қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елімізге экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Күдікті аталған қылмысты жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу