Салмағы 11,5 келі есірткінің негізгі партиясы қылмыстық топтың ұйымдастырушысының әйеліне тиесілі зоосалоннан табылған. Тінту болған жағдайда қызметтік иттерді иістен жаңылдыру үшін есірткі сөмкелерін жануарларға арналған жеп-шөптің арасында жасырған.
"Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы каннабис тобының есірткілерін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен партиялармен алып келіп отырған. Есірткіні сақтап, буып-түйіп, топ мүшелеріне табыстап отырған. Олар өз кезегінде гашишты сатуды жүзеге асырған. Өткізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 17 млн теңге сомасына 2,5 мың доза гашиш заңсыз айналымға жіберілген жоқ", – деп жазады ІІМ ақпарат көзі.
Есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сатқандардың мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
"Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталды, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша аса ірі мөлшерде жөнелту немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған хабарламада.