Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі көлемде есірткі заттарын сақтап, оны өткізумен айналысқан үш азаматты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Оның екеуінен 2 полиэтиленді пакетте болған есірткі заттары табылса, олармен сыбайлас бір азаматтан қапқа салынған есірткі заты табылған.
"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар кептірілген марихуана екендігі анықталып, жалпы салмағы – 7 кг 188 гр құрады. Атап өту қажет, құрықталған қылмыстық топтың мүшелерінің барлығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған. Бүгінде аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды", – деп жазылған хабарламада.