Сот шешімімен ұсталған азамат 16 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу туралы үкім шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан аумағында есірткі жеткізуші және таратушы тұлғалардың әрекетіне тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізген болатын.
Олар үй жануарларына арналған азық-түлікке оралған халықаралық сәлемдемені алу кезінде ұсталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 келіден астам марихуана мен мефедронды құрады. Сот шешімімен тәркіленген есірткі заттары жойылды.