Есірткі сатушылар елімізге көкнәр тұқымының құрамында апиын қосып әкелген - ҚР ІІМ

2 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. 

Есірткі сатушылар елімізге көкнәр тұқымының құрамында апиын қосып әкелген - ҚР ІІМ Фото: inbusiness.kz

Есірткі саудагерлері Қазақстанға апиынды жеуге арналған көкнәр тұқымының құрамдас бөлігі ретінде әкелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023 жылдың 10 айында 2405 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 1287 сату фактісі және аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 415 фактісі анықталды. 32 тонна 642 келі есірткі түрлері, оның ішінде 5 тоннадан астам кептірілген марихуана, 503 келі гашиш, 255 келі синтетикалық есірткі және 62 келі героин тәркіленді", – деді Әмірханов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 6 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген. 

Қылмыстық жауапкершілікке 6 қылмыстық топ басшысы және олардың 54 қатысушысы тартылып, 12 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 2 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ бар. 

Қылмыстық жолмен алынған жалпы сомасы 114 млн теңгеден астам қаражатты заңдастырудың 3 фактісі тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу