Есірткі саудалап жүрген 5 адам ұсталды

1086

23 ақпанда Ақтөбе қаласында Интернет-ресурстары арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі саудалап жүрген 5 адам ұсталды

"Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 кг-дан артық "мефедрон" және "α-PVP" психотроптық заттары алынды", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 25 ақпанда тағы екі адам ұсталған, олардан тінту кезінде 2,8 кг-дан артық синтетикалық есірткі алынған.

2 наурызда Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдады деген күдікпен ШҚО-да бір азамат ұсталып, заңсыз айналымнан 1,2 кг психотроптық зат алынған. Алынған есірткінің "қара нарықтағы" алдын ала құны 114 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

"Осы фактілер жөнінде ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ақтөбе қ. және Өскемен қ. тергеу соттары көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу