Есірткі саудасы: 8 халықаралық, 14 өңірлік арна жойылды

631

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері Ресей, Қырғызстан және Австралияның құзіретті органдарымен есірткіге қарсы 47 операция жүргізді. 

Есірткі саудасы: 8 халықаралық, 14 өңірлік арна жойылды Фото: Қармақшы таңы

Нәтижесінде, контрабанданың 8 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды. Сондай-ақ, Каспий теңізі арқылы Ираннан тасымалдайтындардың да жолы кесілді. Елде жыл басынан 8 ауқымды есірткі зертханасы табылған. 

Заңсыз айналымнан 73 келі "мефедрон" мен 223 келі психотроптық зат алынды. Комитет мәліметінше, бұрын синтетика өндірісі Алматы және Солтүстік облыстарға тән болса, қазір олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралып барады. Мәселен, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі зертханалар табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу