Есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1159

Есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында қылмыстық топқа жетекшілік еткен әйел ұсталды, деп хабарлайды КТК.

Жамбыл облысында жүргізілген ауқымды операция барасында әйел адам басқарған қылмыстық топ ұсталды. Есірткі саудасымен айналысты делінген күдіктілердің арасында жұптасқан екі отбасы бар. Бұларға Ауғанстаннан әкелінген героинді еліміздің әр түкпірінде сатты деген айып тағылуда.
Топ көптен бері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бақылауында болған. Бірақ тұтқындау үшін дәйектер жетіспей жүріпті. Енді есірткі саудасымен айналысқандар нақты айғақпен ұсталып отыр. Бір мезетте бірнеше мекенжайда жүргізілген құрықтау шарасы барысында бес келіден асатын героин табылған. Сондай-ақ, күдіктілерден заңсыз жолмен табылған ақшаға сатып алынды делінген жеңіл машина мен трактор да тәркіленді.

Ерлі-зайыптылардан құралған топтың бұл заңсыз іспен қанша уақыттан бері айналысып келгендері қазір анықталуда. Енді олар өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін.

Айта кетейік, күдіктілердің бесеуі Жамбыл облысында, бірі Атырауда ұсталған. Бәрі осы өңірдің тумалары. 

"Есірткі заты Қазақстанда өңделмейді. Ауғанстаннан шығады, одан Тәжікстанға, одан Қырғыз мемлекетіне келген. Қырғыз мемлекетіне топ басшысы өзі тасымалдаған. Өзі топ мүшелеріне таратып беріп, солар ары қарата сатқан", - дейді Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарма бастығы Асхат Алметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу