Есірткі саудасымен айналысқан отбасы ұсталды

514

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Есірткі саудасымен айналысқан отбасы ұсталды Фото: polisia.kz

Шымкентте есірткі саудасымен айналысқан отбасы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Telegram каналында есірткі таратып келген интернет-дүкенді анықтады.

Күдікті үш адам құрықталды: екеуі 41 және 35 жастағы азаматтық некеде тұрғандар, үшіншісі – әйелдің бірінші некеден туған 21 жасар ұлы.

"Заңсыз табысты отбасылық кәсіп еткендер біршама уақыттан бері интернет желісінің мүмкіндігін пайдаланып, есірткі заттарын тұтынушыларға ұсынып келген. Тергеу барысында электрондық төлем жүйесі арқылы есірткіге тапсырыс қабылдап, оны жасырын орындарға қалдыру әдісімен таратқаны белгілі болды. Күдіктілердің Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде есірткі қылмыстарын таратуға қатысты техникалық құралдар, электрондық таразылар, банк карточкалары, телефондар, есірткі заттарын бөлшектеуге және орауға арналған түрлі материалдар, тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ 68 дана дайын есірткі заттары тәркіленген", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек есірткі жасырылған орындардан қосымша тағы екі есірткі заттары алынды. Сараптама қорытындысы бойынша аталған заттардың есірткінің синтетикалық түріне жататыны, жалпы салмағы 37 грамды құрағаны белгілі болды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, егер күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда, олардың мүлкi тәркiленiп, 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу