Есірткі саудасын насихаттайтын 150 сайт бұғатталды

818

Аталған ресурстар полицияның мониторингті барысында анықталған. 

Есірткі саудасын насихаттайтын 150 сайт бұғатталды

Бүгінде нашақорлық ғасыр дертіне айналды. Әсіресе, синтетикалық есірткі саудасы өршіп тұр. Алматы полициясы мұндай деректердің алдын алу үшін желіде мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы полициясының интернет-ресурстарына қала тұрғындарынан көптеген ақпарат түседі. Негізінен, бұл граффити немесе интернет-сайттардың сілтемесі бар "есірткі трафареттері" деп аталатын хабарламалар. Халықпен тығыз өзара әрекеттесу арқылы ғана біз қаладағы есірткі жағдайын жақсарта аламыз. Сонымен қатар "Алматы есірткі трафаретінсіз" науқанын өткізіп жатқан "Қазақстан еріктілері лигасы" қоғамдық қорына жеке алғыс айтқым келеді. Еріктілер мен қала тұрғындары ұсынған ақпараттың арқасында жыл басынан бері 1 мың 682 граффити боялды. Сондай-ақ полицияның тиісті қызметтері әлеуметтік желілерді қадағалап, есірткіні насихаттайтын сайттарды анықтайды. Бүгінгі күні осындай 150 ресурс анықталды және бұғатталды", – деді Алматы қалалық ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов. 

Сонымен қатар департамент бастығының айтуынша, жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан 3 зертхана анықтады. 13 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қамауға алынып, 15 келі есірткі тәркіленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу