Есірткі саудасын ұйымдастырған трансұлттық топ басшысына 20 жылға дейін жаза қарастырылған

296

Польшада ұсталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды.  

Есірткі саудасын ұйымдастырған трансұлттық топ басшысына 20 жылға дейін жаза қарастырылған Фото: obltv.ru

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерпол қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде, Қазақстанның Польша Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен трансұлттық қылмыстық топтың басшысы елге экстрадицияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдікті есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымын ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастыруға қатысқан Украина азаматы болып шықты.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол Telegram мессенджеріндегі "Kaef Mafia" интернет-дүкені арқылы синтетикалық есірткі мен психотроптық заттарды жүйелі түрде сатуды ұйымдастырған. Қылмыстық әрекет нәтижесінде 2,8 млрд теңгеден астам қаражат заңсыз айналымға түсіп, шетелге шығарылған. Кейін бұл қаражат мемлекет пайдасына тәркіленген.

Жедел іс-шаралар барысында топ мүшелерінен 1,2 келі есірткі және психотроптық заттар тәркіленген.

Қылмысқа қатысы бар бірқатар тұлғалар бұрын сотталған, ал негізгі ұйымдастырушы халықаралық іздеуде болған. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Польша аумағында ұсталып, Қазақстанның сұрауы бойынша экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Оған тағылған айыптар бойынша мүлкін тәркілеумен қатар 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу