Алматы облысында түзету мекемелерінің бірінде сотталушылар жаппай есірткі пайдаланып жатыр делінген бейнежазба әлеуметтік желіні шулатты., деп хабарлайды Аtameken Business.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура мен полиция қызметкерлерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары басталды. Сотталғандарды тінту барысында жасыл түсті есірткіге ұқсас зат табылған. Түзету мекемесінің бірқатар қызметкеріне шара қолданылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу