Есірткі сіңірілген бетперде: ІІМ жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

730

Мұндай қылмыс тіркелген жоқ.

Есірткі сіңірілген бетперде: ІІМ жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз халықты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. Атап айтсақ, соңғы уақытта әлеуметтік желіде тараған бетпердеге есірткі сіңіріп, үй тонау фактісі туралы. 

"Желіде әлеуметтік қызметкер атын жамылған қылмыскерлер есірткі заты сіңірілген бетперде таратып жүр деп жазылған жалған ақпарат таралды. Содан кейін олар еш кедергісіз пәтерді тонап, ұрлық жасайды екен-мыс. Медициналық қорғаныш құралы арқылы есірткі затының әсері нәтижесінде тонау фактісі тіркелген жоқ екендігін ресми мәлімдегім келеді. Бұл – фейк ақпарат", – деді Нұрділдә Ораз. 

Алайда ол  бейтаныс адамның әрекеті күдікті болып көрінсе, бірден полицияға хабарласу керек екенін ескертті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу