Есірткі тарату және контрабандамен айналысқан қарағандылық сотталды

89

Күніне ол шамамен 30 есірткі жасырған.

Есірткі тарату және контрабандамен айналысқан қарағандылық сотталды Фото: Бейнежазбадан

Қарағанды қаласында есірткі заттарының заңсыз айналымы мен контрабандасына қатысты іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеуді Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді. Колледж студенттерінің бірі есірткі тарату арқылы табыс табу мүмкіндігі туралы біліп, "Telegram" мессенджері арқылы белгісіз куратормен "жасырма-курьер" және "қойма" функцияларын атқару жөнінде келісім жасаған.

Оның міндеттеріне берілген координаттар бойынша есірткі заттарын алу, сақтау, бөліп орау, тасымалдау және қала аумағында жасырын орындарға орналастыру кірген. Күніне ол шамамен 30 есірткі жасырған.

"Сонымен қатар, сотталушы Таиландтан Қазақстанға есірткі заттарын халықаралық пошта жөнелтім арқылы жеткізуді ұйымдастырған. Осы мақсатта ол "Telegram" мессенджері арқылы 400 мың теңге сыйақыға, кәмелетке толмаған дропперді тартып, жөнелтімді оның атына рәсімдеген. Ол тауарды алу кезінде ұсталып, одан 909 грамм каннабис экстракты тәркіленді. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен қосымша 80 грамм есірткі заты табылып, алынды. Сондай-ақ ұялы телефонды тексеру кезінде оның бір күн бұрын бірнеше жасырма орналастырғаны анықталды. Берілген координаттар бойынша тағы 3,34 грамм каннабис экстракты тәркіленді. Сот үкімімен кінәлі 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деді ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу