Есірткі таратумен айналысқан 810 сайт бұғатталды

849

Ішкі істер органдары интернет арқылы жүзеге асырылып жатқан есірткі бизнесіне тосқауыл қойып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірхановтің сөзіне сілтеме жасап. 

Есірткі таратумен айналысқан 810 сайт бұғатталды

"2020 жылы қылмыстық заңнамаға электронды ақпараттық ресурстарды пайдаланып, есірткінің заңсыз айналымын жүзеге асыратындарға қарсы қолданылатын шаралар қатаңдатылды. Соңғы 8 айда сотқа дейінгі 127 іс тіркелді. Есірткі таратумен айналысқан 810 сайт бұғатталды", – деді басқарма басшысы.

Бақытжан Әмірхановтің айтуынша, жыл басынан бері 129 келі синтетикалық есірткі тәркіленіп, 11 есірткі зертханасы жойылды.

"Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 28 жасар азамат есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың баламаларын аса ірі мөлшерде дайындаумен айналысқан. Тінту барысында оның үйінен салмағы 47 грамнан асатын психотроптық заты бар полиэтилен пакет тәркіленді. Сараптама бұл заттың мефедрон, яғни эфедрон психотропының баламасы екенін анықтады. Бұған қоса полиция қызметкерлері жерасты зертханасынан салмағы шамамен 10 келі болатын психотроптық зат, электронды таразы, канистр, колба тапты. 

Тәркіленген ұнтақ заттың салмағы 67 келіден асты", – деді басқарма басшысы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу