Жамбыл облысында, Қырғызстанмен шекаралас аймақта, есірткі тасымалымен айналысқан ҚР азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесіп Қырғызстаннан елімізге келе жатқан Қазақстан азаматшасын ұстады. Жеке тексеру кезінде жалпы салмағы 700 грамм болатын героин есірткі заты табылды", - делінген хабарламада.
Күдікті ісі бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті айналысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу