Есірткі тасымалдағандар мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін

130

Қазақстанда есірткіні жасырын орналастырды деп сотталған 1200 адам бостандыққа шығуы мүмкін.  

Есірткі тасымалдағандар мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін Фото: polisia.kz

Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, қазір темір торда 1200-ге жуық есірткі тасымалдаушы отыр. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ, мемлекеттік органдар және депутаттар есірткі өндірумен, қайта өңдеумен және жасаумен айналысатын адамдарға, яғни бұрын айналысқандарға, жауапкершілікті қатаңдататын түзетулер әзірледі. Ал есірткіні байланыссыз тәсілмен тарататын, яғни жасырын орналастыруышылар үшін жаза жеңілдетілді. Бірінші рет қылмыс жасаған үшін де жаза мерзімі қысқартылды", – деді ол брифингте.

Әлжановтың мәліметінше, осы жылдың басынан бері елімізде 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленген. Оның 120 келісі – синтетикалық есірткі, 140 келісі – гашиш және 600 грамм кокаин бар.

Биыл қаңтарда Тоқаев заңға өзгеріс енгізген еді. Оған сәйкес есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасы жұмсартылды. Егер бұл қылмысты алғаш рет жасап ұсталса, мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырады. Бұрын мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін темір торға жабатын еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу