Есірткі туралы дүниежүзілік баяндама жарияланды

1869

Баяндамада апиын препараттарын теріс пайдаланатын адамдардың саны болжамды деректерден айтарлықтай асып, 53 млн адамды құрайтыны атап көрсетілген. Бұл бұрын болжанғаннан 53% артық.

Есірткі туралы дүниежүзілік баяндама жарияланды

ІІМ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, есірткі тұтынушылар санының бұлайша өсуіне опиоидтарды тұтынудың өсуі, сондай-ақ каннабистің кеңінен тарауы әсер еткен.

Әлемдегі героиннің заңсыз айналымының ең ірі бағыты бұрынғыдай Балқан бағыты болып қалып отыр, ол бойынша есірткі Ауғанстаннан Иранға, Түркияға, Балқан елдеріне контрабандалық жолмен жеткізіледі.

Басқа бағыттар бойынша героин Ауғанстаннан Пәкістан арқылы Оңтүстік Азияға немесе Африкаға (Оңтүстік бағыт) немесе Орталық Азия арқылы Ресей нарықтарына (солтүстік бағыт) шығарылады.

Айта кетсек, есірткіні пайдалану нәтижесінде 2017 жылы 585 мың адам қайтыс болған екен. Олардың үштен екісінің өліміне опиоид пайдалану себеп болған. Әлемде ең көп таралған есірткі – каннабис, ал ең қауіпті опиоидтар – героин мен опиум.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу