Есірткі заттарына қатысты талапты бұзған 41 медицина қызметкері жазаланды

294

8,8 мың таблетка мен 7,4 мың ампула есірткі, 28 мың таблетка және 8,2 мың ампула психотроптық заттар тәркіленді. 

Есірткі заттарына қатысты талапты бұзған 41 медицина қызметкері жазаланды

“Дәрмек” ЖПІШ аясында есірткі заттарына қатысты талапты бұзған 41 медицина қызметкері жазаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ішкі істер органдары өткізетін “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Оның мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, есірткі дәріханаларының заңсыз саудасы фактілерін анықтау, синтетикалық есірткі өндіруге арналған прекурсорларды өткізудің жолын кесу болды. 

Операцияның 5 күнінде қылмыстық теріс қылық болып табылатын есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу бойынша 28 дерек және 193 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 193 адам тартылды, оның ішінде 41 медицина қызметкері бар. 

“8,8 мың таблетка мен 7,4 мың ампула есірткі, 28 мың таблетка және 8,2 мың ампула психотроптық заттар тәркіленді. Заңды тұлғалардың қызметіне жүргізілген тексерулер нәтижесінде лицензиялау нормалары мен техникалық нығайту талаптарының бұзылуына байланысты шамамен 3,2 мың тонна прекурсорлар мен 459 тонна улы заттардың айналымы шектелді”. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу