Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталды

151

Соттың санкциясымен олар қамауға алынды. 

Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Шымкент қаласында синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шамамен 4 кг "мефедрон" психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу