Есірткі заттарының тізімі кеңейтіледі – ІІМ

618

Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Есірткі заттарының тізімі кеңейтіледі – ІІМ Фото: google

Ішкі істер министрлігі 27 есірткі мен прекурсорларды мемлекеттік бақылауға енгізу туралы үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Бұл туралы ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл тізімдерде мыңнан астам зат бар. Қазір оған есірткінің тағы 14 атауы мен прекурсорлардың 13 атауы – оларды жасау үшін қолданылатын заттар енгізілетін болады. Нашақорлықпен күресу үшін психотроптық заттардың тізбесі нашақорлар эйфория әсерін алу үшін қолданатын және жалпы нашақорлықтың қалыптасуына ықпал ететін психотропты анальгетик трамадолмен толықтырылды. 0,1 граммға дейін - шағын өлшем, 10 граммға дейін - үлкен өлшем, 10 граммнан - өте үлкен өлшем", - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, Үкімет қаулысы қолданысқа енгізілген жағдайда трамадол тек рецепт бойынша және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымына лицензиясы бар дәріханалық және емдеу-профилактикалық ұйымдарда ғана берілмек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу