Есірткі және психотроптық заттар айналымына байланысты қылмыстар саны 8%-ға өсті

1259

Биылғы жылдың қаңтар-маусымында республикада есірткі, психотроптық немесе улы заттардың заңсыз айналымына байланысты 4,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 7,7%-ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі және психотроптық заттар айналымына байланысты қылмыстар саны 8%-ға өсті

Салыстырар болсақ 2020 жылдың қаңтар-маусымында республикада 4 мың ұқсас құқық бұзушылық тіркелді, былтыр көрсеткіш 0,3%-ға өскен. 

Биылғы жылы аталған қылмыстық істер бойынша заттай айғақ ретінде 525 автокөлік, 4,3 мың қару-жарақ, 29 жалған құжат, 9 экстремистік материалдар, сондай-ақ 143,3 млн теңгенің мүлкі, ақшасы мен құндылықтары алынды. Сонымен қатар қарасора отырғызу бойынша 29 жағдай және апиын өсірудің 1 жағдайы анықталып, жойылды.

Өңірлер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі елордада тіркелді: 507 жағдай, қылмыстар саны жылына 73,6%-ға өсті. Одан кейінгі сатыда Алматы (470 іс, +72,8%) және Жамбыл облысы (352 құқық бұзушылық, +12,5%).

Есірткі айналымына қатысты қылмыстардың ең аз жағдайлары Атырау облысында тіркелді: 79 құқық бұзушылық, жылына +14,5%.

Жыл басынан бері республикада есірткі шеккен адамдар 532 құқық бұзушылық жасаған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 11,9%-ға аз. Көбінесе "есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын сату мақсатынсыз заңсыз өңдеу" (329 жағдай), сондай -ақ "заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" баптары бойынша құқық бұзушылықтар жасалған.

Тәртіп сақшылары 9,8 тонна есірткі мен психотроптық заттар тәркіледі, оның 165,6 келісі контрабандалық жолмен жеткізілді.  3,9 тонна заттар жойылды, 16 келісі тиісті мекемелерге берілді. Ізкесуші иттердің көмегімен 1,4 тонна зат тәркіленді.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу