Есірткі жасырумен айналысқан 14 жастағы жасөспірім сотталды

Қазақстанда есірткі тасымалдап, жасырумен айналысатын жасөспірімдерге де жаза тағайындалады. 

Есірткі жасырумен айналысқан 14 жастағы жасөспірім сотталды Фото: istockphoto.com

Биыл осындай алты кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскер сотталды. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 10 айында ғана Қазақстаннан есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен кәмелетке толмаған 30 жасөспірім ұсталған.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер ведомство басшысының орынбасарынан Қазақстанда мұндай іспен айналысқан жасөспірімдерге нақты қандай жаза тағайындалатынын сұрады. 

"Барлық жағдайларды ескере отырып орташа мерзім 7,5 жыл", - деп жауап берді Бақытжан Әмірханов.

Ол жасөспірімдерді жұмысқа қабылдағандар "кәмелеттік жасқа толмағандарды соттамайды" деп алдайды.

"Шындығында, олар кәмелетке толмағанына қарамастан түрмеге отырады", - деп қосты Әмірханов.

Оның айтуынша мұндай қылмыс жасаған ең жас қылмыскер 14 жаста. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу