"Есірткі жасырылған бірнеше орын табылды": Алматылық полицейлер есірткі сатушыны ұстады

129

Жеке тінту барысында ұсталған адамнан ұнтақ түріндегі зат табылып, тәркіленді.  

"Есірткі жасырылған бірнеше орын табылды": Алматылық полицейлер есірткі сатушыны ұстады Фото: polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күдіктінің телефонын тексеру кезінде тыйым салынған заттарды жасырған орындардың фотосуреттері анықталды. Полицейлер есірткі жасырылған бірнеше орынды тапты.

Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

– Қазіргі таңда біз жастардың жылдам пайда табу мақсатында теріс жолға түсіп жатқанын анықтап отырмыз. Біздің қызметкерлер мұндай бетбелгі қоюшыларды күн сайын анықтап, олардың әрекетінің жолын кесуде. Есірткі таратудың кез келген түрі – тіпті делдал ретінде қатысу да – ауыр қылмыс. Ол үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу