"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова биыл пошта арқылы қанша есірткі жасырылған "сәлемдеме" тасымалданбақ болғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық пошта операторы құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр.
"Осындай деректерді анықтауға көмектесіп жатырмыз. Біріншіден, біздің қоймаларда және сұрыптау орталықтарында есірткіні анықтайтын арнайы иттер бар. Бұдан бөлек барлық орынға рентген аппараттары қойылған, өз кезегінде олар тыйым салынған заттарды анықтайды. Биыл біз (ред. есірткі бар "сәлемдеме") 7 деректі анықтап, құқық қорғау органдарына тиісті материалдарды бердік", – деді Әсел Жанасова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу