Есірткіге қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарда оқушыларға арнайы модуль қарастырылған

Ол 5-6 сынып оқушыларын қамтиды. 

Есірткіге қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарда оқушыларға арнайы модуль қарастырылған Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан "Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру туралы" брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалпы алғанда аталған кешенді жоспардың 9 бағыты Оқу-ағарту министрлігіне қатысты. 

"Оның алтауын қоса орындаушы болсақ, үш бағытта негізгі орындаушы саналамыз. Біз балаларды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден ада болуға үйрету үшін тәрбие жұмыстарын күшейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар жоспардың 42-тармағында 2024 жылдың 1 жартысына дейін "Жаһандық құзіреттер" деп аталатын курстардың құрамына "Тіршілік қауіпсіздігі" тақырыбында үлкен модуль енгізуді жоспарладық", – деді спикер. 

Оның айтуынша аталған модульдер 5-9 сыныптың оқушыларына қатысты. 

"Модуль 5-9 сыныпта оқитын 1,6 млн-нан астам оқушыны қамтиды, олар осы бағытта тиісті білім алады", - деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу