Оқиға 6-тамыз күні тіркелді. "Самара-Шымкент" тасжолында кезекшілік еткен Ақтөбе облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Оралдағы әріптестерінен хабарлама алды. Хабарламада БҚО-да "Toyota Estima" автокөлігінің ұрланғаны және Ақтөбеге қарай бет алғаны туралы айтылған.
"Полицейлер аталған көлікті тас жолда байқап, көп ұзамай тоқтатты. Көлікті 39 жастағы жүргізуші басқарған. Оның жағдайы күдік тудырып, сараптама жүргізілді. Ер адамның есірткіге мас күйінде рульге отырғаны белгілі болды. Әкімшілік хаттама толтырылғаннан кейін күдікті мен автокөлік БҚО ПД полиция қызметкрлеріне тапсырылды",- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.