Есірткілік мас күйде көлік басқарған Шымкент тұрғыны көлік жүргізу құқығынан айырылды

443

Ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.

Есірткілік мас күйде көлік басқарған Шымкент тұрғыны көлік жүргізу құқығынан айырылды Фото: Polisia.kz

Есірткілік масаң күйде көлік басқарған Шымкент тұрғыны 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізу барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Назарбеков пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Көлік құралын тізгіндеген ер адамның әрекеті полицейлердің күдігін тудырды. 

Тексеру барысында көліктің ішінен қағазға оралған кептіріліп, ұсақталған есірткі өсімдігі және ұнтақталған синтетикалық есірткі салынған 2 дана гриппер-пакет анықтады.
Медициналық куәландырудың нәтижесі 24 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын растады. 

Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен  хаттама толтырылды. Сәйкесінше, азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды. 

Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу жайты бойынша Қаратау АПБ-ның анықтаушылары тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу