Астанада 48 жастағы ер адам пәтеріне тінтуге келген полицейлерден қашып, шамамен 3 келі марихуананы терезеден лақтыруға тырысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақмола облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, күдікті есірткіні елорда маңында таратумен айналысқан.
"Құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату мақсатында прокуратураның үйлестіруімен күдіктінің тұрғылықты мекенжайында арнайы операция жүргізілді. Тінту барысында 57 орам және 3 полиэтилен қапқа салынған, жалпы салмағы 2,8 келі кептірілген марихуана тәркіленді", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу