Есірткі сатумен айналысқан 56 сайт бұғатталды

933

Бұл сайттар кәмелетке толмағандар арасында танымал әрі қолжетімді болып келген.

Есірткі сатумен айналысқан 56 сайт бұғатталды

Есірткі тұтынуды насихаттаған және оларды сатуды жүзеге асырған Telegram мессенджеріндегі 56 сайт, әлеуметтік желілер мен аккаунт-боттар анықталды. Бұл туралы еліміздің бас көлік прокуроры Ерлан Сыбанқұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның хабарлауынша, көрсетілген сайттарға, әлеуметтік желілердегі парақтарға және аккаунттарға кіру пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін болған. Ел аумағында есірткі құралдары мен прекурсорларды Қазақстанның ірі қалаларына жеткізіп отырған сондай-ақ 4 шетелдік сайт жұмыс істеп келген.

"Көлік прокуратурасы бастамасымен ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті барлық 56 сайт пен аккаунт-боттардың қызметін заңсыз деп танып, оларға қол жеткізу бұғатталды",­ делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу